"Жастар" ықшамауданының құрылысы қалай жүріп жатыр?

Атырау қаласының әкімі жаңадан салынып жатырған "Жастар" ықшамауданының құрылыс жұмыстарын тексерді

Талқайраң ауылында 24 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

jastarmkr1

Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы жаңадан салынып жатырған ықшам ауданның құрылыс жұмыстарымен танысты. Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, жалпы ауданы 62 гектар болатын жерге 45 пәтерлік 24 бес қатарлы тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Барлығы 1080 пәтерлік тұрғын үйдің жалпы ауданы 56 мың шаршы метр болмақ.

j

-Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Келесі жылы да жұмыстар жалғасатын болады. Тапсырыс беруші - "Қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Жоспар бойынша, "Жастар" ықшамауданында әлеуметтік нысандар: емхана, балабақшалар, мектеп пен спорт залдары салынатын болады. Сондай-ақ, саябақтар мен балалар ойнайтын алаңдар салынады,- дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Жәлелов.

jastarmkr2

Атырау қаласының әкімі тапсырыс беруші мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы тапсыруын айтты. Сонымен қатар, жаңадан салынып жатырған "Жастар" ықшамауданында 5076 пәтерлік тоғыз қабатты 46 тұрғын үй салу үшін ЖСҚ жасақталуда.

jastarmkr4

Жаңа ауданда тұрғын үйдің пайдалануға берілуі Атырау қаласындағы 20 мың  кезекте тұрған  тұрғандардың санын едәуір қысқартады деп жоспарлануда. Пәтерлер мемлекеттік бағдарламалар бойынша, ипотекалық несие негізінде, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй түрінде берілетін болады. «Жастар» ықшамауданының атауы ҚР жастар жылына орай арнайы таңдалған.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521