Жастар өсуі үшін...

Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар, яғни қоғамды құрушы тұлғалар. Сол себепті, жастардың дұрыс дамуына осы бастан көңіл бөлуіміз қажет.

«Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы қазіргі таңда ауданымыз бойынша игі іс- шаралар ұйымдастырып келеді. Соның бірі жақында өткен, студенттерге арналған «Жеке өсу» тренингі. Аталған тренинг «Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі» студенттері арасында өткізілді.

Тренингті ауданымыздағы бизнес-жаттықтырушы Алтынгүл Атабаева жүргізді. Тренинг төрт күнге созылып, онда жастардың заманауй дамуы үшін қажетті үш түрлі тақырып қозғалды. Бірінші «Мақсаты айқынның – Болашағы жарқын» тақырыбында өткен тренингте жастарға дұрыс мақсат қойып, оған жету жолдары түсіндірілді.

Тренинг барысында әлемдік тәжірибеден алынған заманауи әдістер айтылды. Әр қатысушы студент өз өмірін жоспарлап, айқын мақсат қоюды үйренді.

Екінші «Тайм менеджемент» тақырыбындағы тренингте уақытты басқару дәрісі өткізілді. Уақыт біздің алтын ресурсымыз болғандықтан, оны тиімді пайдаланған адам ғана мақсатына тез жететіні түсіндірілді. Үшінші «Көшбасшы» тақырыбындағы дәрісте тез дамып жатқан кәзіргі заманда адам бойынан қандай жақсы көшбасшылық қасиетті дамыту керектігі айтылды. Сонымен қатар , командамен жұмыс жасаудың тиімділігі түсіндірілді. Жоғарыда айтылған үш тақырып та жастардың заман көшінен қалмай, өркениетті елдерге сай дамуы үшін өте қажет.

«Ынтымақ» бағдарламасы қоғамның дамуы үшін басқа да жобаларды ұйымдастыруда. Аталмыш бағдарламаны қаржыландырушы «Тенгизшевройл» компаниясы болатын. Бұл - қоғамның дамуы үшін қосып жатқан маңызды іс-шаралардың бірі. Алдағы уақытта қоғам үшін пайдалы осындай шаралар жалғасын табады деп сенеміз.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521