Жастар ресурстық орталығына жаңа басшы

Тағайындау

«Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы тағайындалды.

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Г.Айшуакованың 2021 жылғы 7 қыркүйектегі №15 бұйрығына сәйкес Едігеев Ақылбек Едігеұлы «Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы ретінде 3 ай сынақ мерзіммен тағайындалды.

Едігеев Ақылбек Едігеұлы 1994 жылы 21 маусымда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Отбасылы. Үш баланың әкесі.

Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылындағы №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте білім алды. 2011 жылы Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2014 жылы бітіріп шықты.

2014 жылы аталған мамандық бойынша Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеттіне оқуға түсіп, 2017 жылы бітірді. Алғаш еңбек жолын 2015-2016 жылдары №16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып, «АПТ» ЖШС-нің телім басшысы қызметінде болды.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалында кеңесші қызметін атқарған.

«Nur Otan» партиясының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521