Президентіміз өз сұхбатында “Жастарға бір ғана ақыл-кеңесім бар: Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, ниглизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олар белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын”-деген болатын.
Расымен қазіргі кейбір жастар ұлтымызға жат дүниелерге қызығушылық танытып, қисық әдеттерге бой алдыруда. Сонымен қатар бір ісі өнбей қалса немесе біреу ауыр сөз айтса соны көтере алмай, күйзеліске түсіп, тіпті кей жағдайларда өз өмірін қауіпке тігіп жатқан жастарды да естіп, көріп жатамыз. Бұндай жағдайлар әрине барлық қазақ жастарында бар деген қате, тек ішінара.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жастардың саналы болуына ерекше назар аударды. “Жастар – еліміздің болашағы. Біз отаншыл, тәртіпті, білімді ұрпақ тәрбиелеуге міндеттіміз,” – деді ол.
Мемлекет реформаларының барлығы жастардың игілігі үшін жасалып жатқанын баса айтты.
Президент жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруды қолдай отырып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Еңбек адамының беделін көтеру – қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастырудағы маңызды қадам.
Сондықтан жастар, біздер бүгінгі уақытта бәсекеге қабілетті білім мен ғылымды жетік меңгеруге тиіспіз. Және жәй меңгеріп қана қоймай, еліміздің дамуына үлес қосу мақсатында белсенді еңбек етуіміз қажет.
Сонда ғана, “Мен жастарға сенемін!” деген жәй ғана бос сөз емес екенін көрсете аламыз!
Әлібек Амандық, Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы