Жастар демократиялық құндылықтар үшін дауыс береді

 

Жем ауылдық округінің Тұрғызба ауылындағы Бөкенби көшесінде орналасқан №106 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары дауыс беруде. Ел тарихындағы елеулі күні сайлауда дауыс берген тұрғындар ішінде жастар да бар.

Осы сайлау учаскесіне Жастар Ресурстық Орталығының басшысы Ақылбек Едігеұлы да келіп ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады.
" ҚР Президентін сайлау үшін дауыс беруге келдім. Еліміздегі саяси науқан үлкен өзгерістер әкеледі деп сенемін. Бұл тарихи күн елімізге, жастарға оң өзгерістер әкеледі. Ел болашағы үшін бұл- маңызды қадамдар. Мен жастардың жарқын болашағы үшін бұл саяси науқанды қолдаймын. Осындай сәтте менің де даусым маңызды деп келдім. Елімнің ертеңіне сенемін",-дейді Ақылбек.

Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінде барлығы 2445 адам тіркелген.


А.Жұмабергенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521