Президент Жолдауы жастар арасында кеңінен талқылануда. Себебі, соңғы Жолдауда ел ертеңі жайлы аз айтылған жоқ. Оған Қ.Тоқаевтың «әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деген сөзі дәлел болады.
Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінің жоғарғы курс студенттері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын сарапқа салып, ой елегінен өткізді.
Жалпыұлттық референдум да тақырыптан шет қалмады. Неге десеңіз, жоғарғы курс студенттері де өздерінің алғашқы сайлауына қатысып, азаматтық дауысын бермек. IT саласы бойынша колледж директорының орынбасары Әйгерім Саматқызы да студенттерге лекция оқып, өзінің ақыл-кеңесін ақтарыла айтты. Студенттер арасында АЭС-тің пайдасы мен кеселі де қатар талқыланып, ел ертеңі бағдарлы бағыт алып, білімін толықтырды. Жас та болса, бас болып, алдағы референдумда өз дауысын беруге барлығы білек сыбана дайын отыр.
Ерназ Алтайұлы