Жас спортшы өз таңдауын жасады

Кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауының еліміз үшін маңызы зор. Жылыой ауданының атын Халықаралық жарыстарда танытып жүрген жас спортшылардың бірі Талғат Жұмағалиев Жаңа Қаратон кентіндегі нөмірі 103 сайлау учаскесінде дауыс берді.


-“ Аудан жастары спортты жанына серік етуде. Спортшы жастар көбеюде. Оларға алдағы уақытта да қолдау болса талай топ жарған мықтылар шығады деп ойлаймын”,-дейді ол.

ТалғатЖұмағалиев- белгілі жас спортшы, әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол «Жылыой Мерген» спорттық клубын ашып, жас спортшыларды дайындап жүр.

 

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT