Ел ертеңі -жастардың қолында. Дәл осы сөздің мағынасын жақсы түсінетін жылыойлық жас Бибігүл Төлегенова сайлау күні саяси науқаннан қалыс қалмай, өзі тіркеуде тұрған 260-шы учаскеге барып дауыс берді.
- Бүгінгі мен жасаған таңдау-ертеңгі өзім секілді барлық жастың болашағына әсер етпек. Мен дұрыс таңдау жасадым деп білемін. Осы маңызды күнді өткізіп алмайын деп асыға күткенім де жасырын емес. Бәрі де ел үшін, бәрі де қазақ халқының жарқын болашағы үшін деп сенемін. Дауыс беру кезінде байқағаным, өзім секілді көп жастың сайлауға атүсті қарамайтындығы болып отыр. Дауыс беруші жастар жетерлік,-деді сайлаушы Бибігүл Төлегенова өз сөзінде.