Ал біздің ауданымызға осы жылы келді. Оның ережесі бойынша бірнеше адам топтасып, әлеуметтік жоба әзірлеп, комиссия мүшелеріне ұсынады. Қорытынды бойынша, жеңімпаздарға 1 млн теңге қаражат бөлінеді. Бұл сайысқа ауданымыздан 100-ден аса жоба қатысып, оның 38-і грант ұтып алды, барлығы 127 жас осы жобамен қамтылды. Сол арқылы 1 миллион грант ұтып алған жастар 6 ай бойына халыққа тегін қызмет көрсетеді, жарты жыл 40-60 мың теңге көлемінде стипендия алып отырады. Өткен аптада осы жобаны жүргізуге бағытталған 4 күндік оқыту тренингі өтті. Оны 5 тренер өткізді. Қатысушылар тренингте команда құруды, жобаны жоспарлап, іске асыруды және басқару мен мониторингтеуді үйренді. Тренинг ойын түрінде өтті.
Тренердің бірі Алтынгүл Атабаеваның айтуы бойынша жоба 6 ай бойы қадағалауда болады. Мақсаты - жастарға жоба жүргізу барысында тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңес беру. Жастардың осы жобаларын кәсіпке айналдыруына мүмкіндік жасау. Оның ішінде оқу, мерекелер ұйымдастыратын орталықтар, өнім шығару, мал шаруашылығы, иппотерапия, тіпті балабақша да бар.
Ж.Шаңқанова