"Жас отбасыларға кеңес беру кабинеті" жұмысы жанданды.

Бұл кабинеттің ашылу мақсаты- жас жұбайлардың

2019 жылдан бастап Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімімен меморандумға сәйкес "Жас отбасыларға кеңес беру кабинеті" ашылып, 2020 жылы жұмысы уақытша тоқтатылған кабинет жұмысын бүгіннен бастап қайта жалғасты.

Бүгінгі іс шарада Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Нұржарық Сауытов жас отбасыларға неке қию туралы куәліктері табыстады.

Жылыой аудандық соттың судьясы Жадыра Нургалиевамен, Ішкі саясат бөлімі басшысы Гулнафис Айшуақова қатысты. Жылыой ауданы әкімі жанындағы Қоғамдық келісім төрағасы Нұрдаулет Ақназаровпен жаңа отбасын құруға бел буған бірнеше жас отбасыға, отбасы құндылықтары түсіндіріліп, кеңес берілді.

Бұл кабинеттің ашылу мақсаты- жас жұбайлардың неке қию туралы куәлік алар кезде болашақ ерлі- зайыптылардың өзара қарым- қатынастары, бала тәрбиелеу, басқа да өмірлік кеңестерін беруге , отбасы құндылықтарын түсіндіру.

Қазіргі таңда " Неке бұзу туралы" талап арызбен сотқа жүгінген азаматтар саны күннен - күнге артуда. Бүгінде өзекті мәселеге айналған ажырасу процестерінің алдын- алу, әсіресе кеше ғана үйленген екі жастың үй болып кетуіне, ертеңгі болашағына бағыт-бағдар, ақыл кеңестер беру мақсатында осы кабинеттің қосар үлесі зор, сондай-ақ үлкен үміт күтілуде.

#qazaqstan30

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521