Жас мамандар тұрғын үй қамтылса ...

Қатысушылардың бірі ауданға гимнастикалық орталық салынса деген ұсынысын жеткізген еді

Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айкен Аманчина мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Қошақанов «Nur Otan» партиясының жанындағы «Нұр Асу» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

Кездесуде үміткерлер партияның бесжылдық сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырып, елдегі саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.

- Биылғы жылдың тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем елдеріне де қиын тигені рас. Қиын-қыстау шақта «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, алғашқылардың бірі болып партиямыз халыққа қол ұшын беруге асықты. Кәсіпкерлер демеушілігімен әлеуметтік жағынан әлсіз топтағыларға қаржылай, азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен жәрдемдесуді ұйымдастырған еді. 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға қатысуға шақырамын, - деді Айкен Аманқосқызы.

28122

Қатысушылардың бірі ауданға гимнастикалық орталық салынса деген ұсынысын жеткізген еді, үміткер А.Аманчина келер жылы 2 бірдей орталықтың салынатындығын айтып қуантты. Бастауыш партия ұйымының мүшелері жас мамандарды тұрғын үймен қамту, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны ұлғайтса, жер кезегі жылжыса, балабақша педагогтары мен тәрбиеші көмекшілерінің жалақысын өсірсе, карантинде жұмыссыз қалған жылыойлықтардың несиелері кешірілсе, «Автожолшылар» ықшамауданына балалар ойын алаңдары салынса деген ұсыныстарын ортаға салды.

Ж.Әбдікәрімова

"Nur Otan" партиясының Атырау облысы Жылыой ауданы

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT