Жас ақындардың жыр мүшәйрасы

Атырау облыстық Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» мен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шекккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жақында Құлсары қаласында «Салт пен дәстүр – ұлттың тірегі» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасы болып өтті.

Жастар арасында халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп, оның баға жетпес құндылықтарын жас ұрпақтың бойына құдіретті сөз өнері арқылы сіңіруді мақсат тұтқан жыр сайысына бес жас талапкер ақын қатысты. Алғашқы турда ақындар «Салт-дәстүр – ұлт тірегі» тақырыбында алдын ала дайындалған өлеңдерін оқып берді.

Екінші турда қазылар алқасы ұсынған «Адамдық пен адалдық» тақырыбында жыр толғады. «Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылықта» деп Мұқағали ақын жырлағандай, жас талапкерлер өздеріне берілген азғана уақыт ішінде адамдық қасиет пен адам бойындағы адалдық белгісін шама-шарқынша жарыса жырлады. Нәтижесінде хас жүйріктер суырылып алға шықты. Мүшәйра ауданда өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен өзгешеленер жас талапкер ақындардың өсіп келе жатқандығын көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен ІІІ орын Ерназ Ахметкәрімовке берілсе, ІІ орынды Бабыржан Жанаш иеленді. Қос турда да ұшқыр ойымен, тақырыпты аша білген ақындық қабілетімен көзге түскен Нұрлыбек Амандықов жүлделі І орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздар орталықтың арнайы дипломы мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521