Жас ақындарға арналған кеш

Ауданымызда поэзияны ұнататын, өзі де өлең жазып жүрген жастар аз емес.

Аудандық орталық кітапханада, міне, осындай жас қыз-жігіттердің басын қосқан шығармашылық кеш өтті.

Оның мақсаты – жастардың шығармашылықтарын шыңдау, өлеңге, сөз өнеріне баулу.

Әдеби шараны оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі Айгүл Жұмырбаева жүргізді. Кеш бағдарламасы төрт бөлімнен тұрды. Кешке аудандағы өлең жазып жүрген жас ақындар, облыстық, республикалық марапаттарға ие болған мектеп оқушылары қатысты. №7 мектеп оқушылары Әйгерім Алдахова, Ләззат Әлімова, Қадіржан Алдахов, Сұлтанбек Төлесінов, Шаттық Кемелхан, Жайнагүл Қапылбаева, №9 мектеп оқушысы Анар Мирова, №18 мектеп оқушылары Айсана Кісенбаева, Бекжан Нұрмұханов, №19 мектептен Аяулым Аманжолова өздерінің жүрекжарды өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. №1 мектеп оқушысы Нұрай Қиса «Әнші даусы», «Ал, жігіттер, құлақ сал» атты термені нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ шараға Жастар ресурстық орталығының маманы Дана Баймағанбетова қатысып, биылғы Жастар жылында көптеген шаралар өтетінін ескерте келе, белсенділік танытуға шақырды.

Шараны кітапхана директоры Балзия Кенжебекова қорытындылап, оқушылар мен ұстаздарға алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521