ДЕМОГРАФИЯ
Ағымдағы деректер бойынша аудандағы халық саны биылғы жылғы 1 маусымға 87 315 адамды құрады.
ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
Шетелдік кәсіпорындарды қоса есептегенде 2024 жылғы қаңтар-наурызға арналған қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы – 830 617 теңгеге жетті. Нақты еңбекақы индексі 100% құрады.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
Биылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі - 623134 млн. теңге құрады.
САУДА
Қаңтар-маусымда бөлшек сауда көлемі - 14720,3 млн. теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 2,9%-ға көбейді.
ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Үстіміздегі жылғы қаңтар-маусым аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4 586 256 млн. теңгені құрады. 1 шілдедегі есеппен ауданда барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны - 21272 басқа, қой мен ешкі - 99860 бас, жылқы - 20964 бас, түйе - 11480 басқа жетті. Аудан бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында тірілей салмақпен 2127,7 тонна ет, 1175,5 тонна сүт, 152,8 мың дана жұмыртқа өндірілді.
ҚҰРЫЛЫС
Ауданда қаңтар-маусым аралығындағы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 235773 млн. теңгені немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 35,8% азайғаны аңғарылады. Биылғы жылғы жарты жылда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 19513 шаршы метрді құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 53,4% төмендеді.
КӘСІПКЕРЛІК
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 шілдеге 973 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны - 851 бірлік. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 6512 бірлікті құраса, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12% азайғаны көрінеді. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 82,3%, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 10,7%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 7% құрайды.
Аудандық статистика бөлімі