Жарты жыл күттірген жұмыс

Өткен жылдың жаз мезгілінде ауылдық жерде тұратын бір бойжеткен Атырау қаласындағы бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілімен кездеседі. Екеуара әңгімеден кейін арада қызметке орналастыру туралы шарт жасақталады.

Соған сәйкес серіктестік өкілі Ж. іргелі бір компаниядағы 300 мың теңге айлығы бар қызметке орналастыруға уәде береді. Мұндайда жоғары жалақылы жұмыс жақсы «сыйақыны» да дәметпей ме?! Қос қолына бір кәсіп көзін іздеген қыз сол жерде сұраған 150 мың теңгесін де төлейді. Бір жақсысы, ақыл тоқтатқан бойжеткен алданып қалмаудың қамын ойлайды. Сондықтан келісімге келген бойда екі дана жазбаша шарт жасақтатып, «жұмыс берушіден» берген ақысына чек талап етеді. Келісімшарт бойынша, егер Ж. екі айдың ішінде жұмыс тауып бере алмаса, онда 150 мыңды кері қайтарып беруі тиіс-ті.

...Арада зымырап күндер өтеді. Екі ай мерзім аяқталуға жақындайды. Бірақ жұмысқа шақыратын «жұмыс беруші» жоқ. Төзімі таусылған бойжеткен шартта көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалады. Тұтқаның арғы жағынан: «Өтініш кетті, енді өздері хабарласады» деген жауап алады. Енді бірде «Жездем қайтыс болды, кейін өзім телефон соғамын» дейді. Ақыры не керек, жұмыс түгілі, оның көлеңкесін де көре алмаған қыздың шыдамы допша жарылады. Сыйақы ретінде берген 150 мың теңгесін кері қайтаруды талап етеді. «Есепшотыңды жібер, есепшілер соған аударады» деген шығарып салма жауап естиді. Ауызша да хабарласып, уатсап желісі арқылы жазбаша да хат жолдап шаршаған жәбірленуші мәселені заң аясында шешуге көшеді. Бұл мезгілде күз де келіп жетіп, арада жарты жылға тарта уақыт өте шыққан еді.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521