Жарсуатта 10 отбасы баспаналы болды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Салтанатты шарада Индер ауданы әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев құттықтау сөз сөйлеп, үйдің кілтін табыстады.

-Қазақстандықтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін кешенді жаңғырту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Еліміздегі баспанаға деген мұқтаждықты төмендету туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында нақты атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Жарсуат ауылынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрған тұрғындар үшін үйлер табысталып отыр. Қоныс құтты болсын,- деді Ә.Оразғалиев.

Екі пәтерлі, төрт бөлмелік бес баспананың кілті әлеуметтік жағынан осал топтар және көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтарға берілді.

Индер ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 1348 адам бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521