Жарқырайды ауылымның шамдары

Қазір Құлсары қаласы ғана емес, ауылдық округ орталықтарының аумағы да жылдан жылға кеңейіп келеді. Әсіресе, жеке тұрғын үй құрылысын ол жақтағы ағайындар да мықтап қолға алған. Онда тұрмысқа қолайлы жағдай жасалған соң округ орталығына көшіп келушілер де көбейген. Айталық, Ақкиізтоғай ауылындағы халық саны 1304-ге жетсе, Тұрғызбада 3520 тұрғын тұрып жатыр.

Сондықтан олардың көшеде жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін жарық жүргізу жұмыстары аяқтала келді. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айталық, «Казақстан электрокомплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тұрғызба ауылының 23 көшесіне 12 шақырым көше жарығын жүргізді. Ол үшін, алдымен, 449 жарық бағанасы орнатылған. Осы мекеме Ақкиізтоғай ауылын да ұмыт қалдырған жоқ. Ондағы 29 көшеге 14,9 шақырым көше жарығы тартылып, 416 бағана қондырып, іске қосылды.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Саян Баселовтің айтуынша, бұл жұмыстар өткен жылдың қараша айында басталған көрінеді.

Осыған дейін Ақкиізтоғай ауылында бір шақырым, ал Тұрғызбада екі шақырым ғана көше жарығы жүргізілген екен.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT