Облыс аумағында балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында «Жанұя және бала» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталған шара аудан көлемінде де жүзеге асып, ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары бөлімнің профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды және олардың үйіндегі жасөспірім балаларды тексеру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалмауы бағытында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.


