Жаныңда жүр жақсы адам

Облыстық мәслихат депутаты Мейрамбай Сембайұлы аудан халқының игілігіне жарар істер тындырып, қайырымдылық жұмыстарына да атсалысып жүр.

Таяуда ашылған «Саржайлау» демалыс орнында дімкәс балалардың атпен серуендеуіне мүмкіндік жасаса, бұл жолы осындай мүмкіндігі шектеулі балаларға спорттық комплекс, яғни әртүрлі дамыту және сауықтыру жаттығуларына арналған трансформерлерді сыйға тартты.

Аудан әкімі Азамат Бекет пен облыстық мәслихат депутаты Мейрамбай Базарбай сал ауруымен науқас балаларды сауықтыруға арналған орынға арнайы келіп, олардың ата-аналарымен кездесіп, жағдайымен танысып, тартуларын өз қолымен табыс етті. Қасиетті Рамазан айында жасалып отырған осынау игі іске ата-аналар ризашылықтарын білдірді. Ауданымызда қамқоршы жандардың көбеюі - көңіл қуантарлық жағдай.

А.Долыбекова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT