Жанар-жағар май бағасын орынсыз қымбаттатпау қажет. Осы және басқа да мәселелер аудандық прокуратура қызметкерлері мен аудан кәсіпкерлері бас қосқан дөңгелек үстел басында сөз болды. Кездесуді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы өкілдері және Жылыой аудандық прокуратурасы бірлесіп өткізді. Бас қосуда сондай-ақ, заң бұзушылықтарды болдырмау жөнінде әңгіме болды. Аталмыш дөңгелек үстелге аудандық әкімдік,жергілікті полиция қызметкерлері және Құлсары қаласында орналасқан жанармай бекеттері басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек сауда да өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы №361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 21 тамыздағы №278 бұйрығын негізге алып, ауданымыздағы бекеттердегі жанармай сату мәселесі кеңінен талқыланды. Алдын ала заң бұзушылықтарды болдырмау жөнінде баса айтылды.
Өз тілшіміз