Жаңа Қаратон кентінде «Наурыздық» мерекесі аталып өтті

Бүгін Жаңа Қаратон кентінде «Наурыздық» мерекесі аталып өтті.

Кентте казакы дәстүрге сай безендiрiлiп, киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленді.

Мерекелік іс-шараға кент әкімі С.Баймуратов қатысып, барша тұрғындарды Әз-Наурыз мейрамымен құттықтады.

- Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын! - деп тілегін жеткізді.

Сонымен бірге, ұлттық мерекеде кенттегі №4 спорт мектебінің алаңында Ұлыстың Ұлы күніне орай ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

Мерекеге орай кент тұрғындары арасында гір тасын көтеру, және арқан тартудан сайыстар өтіп, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT