Жан шуағын сыйлаған жәрмеңке

ken-zhyloi.kz

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып «Ұлттық тағамдар» күніне орай жәрмеңке өтті. Құлсары қаласы және ауданға қарасты кент, елді мекен әкімдіктерінің қызметкерлері бірігіп, қазақтың төл тағамдарын дайындап, тұрғындарға тегін таратты. Жәрмеңкені өткізудегі басты мақсат – қазақтың ежелден келе жатқан ас мәзірлерін ел есінен шығармай, ұлттық тағамдарды дәріптеу еді.

Наурыз мерекесінде аудан халқына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Ұлыстың ұлы күні молшылықпен, тоқшылықпен басталсын деген бір ғана ізгі ниет болатын. Ерте көктемнің сәл ызғарынан жаураған халық ыстық бауырсақ пен наурыз көжеден ауыз тиіп, бойларына жылу дарып, жүздері бір жадырап қалды. Тұрғындардың барлығы ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л а р ғ а алғыстарын айтып тарасты.

-Биылғы Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толған айтулы жылы Наурызды тойлау ерекше өтіп жатыр. Бүгін, міне, сол шаралардың жалғасы жүзеге асуда. Бұл - жақсы бастама. Барлығыңызды келе жатқан ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Ақ мол болсын, тек жақсылық болсын! Ұйымдастырушы аудан әкімдігіне мың алғыс,–деді Құлсары қаласы тұрғыны Сұлушаш Қабақова.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT