Жалпыға бірдей декларация: өзгерістер мен толықтырулар

Биылғы жылдың 1 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №105-VIII заңы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Соған сәйкес Салық кодексінің активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсынатын (250.00-нысан) жеке санаттағы адамдарды босату бөлігіне өзгерістер енгізілді.
Мәселен, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыстау міндетінен бейрезиденттер, ал биылғы жылдың 1 қаңтарынан коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлер босатылды. Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде биылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары саналатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) ұсына бастады.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2024 жылғы 1 қаңтар бойынша бейрезидент болып табылатын тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті саналмайды. Бұдан басқа, коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ акционерлер, егер олар бір мезгілде коммерциялық ұйымдардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер не олардың жұбайлары болса, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынудан босатылады.
Жыл басынан бері ауданда нысан - 250.00 салық есептілігін табыстауы тиіс салық төлеушілер саны 7776 болды. Бүгінгі таңда 5517 салық төлеуші есеп табыстап отыр. Декларацияны әлі тапсырмаған қалған салық төлеушілер декларацияны тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынуы қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 272-бабы бойынша мемлекеттік кірістер органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, ең алдымен, ескерту беріледі. Ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, онда жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондықтан Декларацияны қағаз жүзінде және электрондык түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet. salyk.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz) және "E-Salyq Azamat", "eGov mobile" Kaspi.kz, Halyk, Bcc.kz. мобильді қосымшалары арқылы тезірек тапсырған орынды.

Б.ЖҰМАБАЕВ,

аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT