Жалпыаудандық сенбілік: туған жерге ықылас

Тұрғындарды демалыс күндері қоғамның игілігі үшін ерікті және ұйымдасқан түрде тегін еңбек ету үшін сенбіліктерге жұмылдыру бұрыннан бар.

Дегенмен қазіргі сенбіліктерге жаңа сипат бергеніміз де жөн болар. Бұл – тұрғындардың айналаның тазалығына деген ерекше санасын ояту, өзі тұратын ауланың, ауылдың, қаланың тазалығына үлес қосу арқылы туған жерге деген қамқорлық сезімін арттыру. Осындай мақсатпен аудан әкімшілігі тамыздың 25-і мен қыркүйектің 25-і аралығында әр сенбі сайын аудан бойынша жаппай сенбілік жариялады. Өткен сенбіде, яғни 8 қыркүйекте кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары қала бойынша 30-дан аса секторда болды. Кент пен ауылдық округтерде де дәл осындай шаралар жүзеге асты. Ортақ іске мекемелер, серіктестіктер және тұрғындар атсалысты. Кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін қалпына келтіру тапсырылып, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізу тапсырылса, мекеме ұжымдары мен тұрғындарға өздері мекендейтін, пайдаланатын аумақтың санитариялық тазалығын ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру белгіленіп берілді. Жылыойлықтар тек қана өздеріне қатысты аумақты ғана емес, сонымен қатар көшелерді, өзек жағалауларын, теміржол өткелдерін де лас-қоқыстан тазартты. Көшелер мен аулалардағы ағаштардың түптері ақталды.

Сенбілік жұмысына «Жылыой - тазалық» мекемесінен 6 техника жұмылдырылып, қаладан шамамен 15 тонна қоқыс шығарылды.

С.ӘЛИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521