Сұрақ-жауап
Коронавирус індетіне байланысты жұмыс берушім біраз уақыт жалақы төлемеді. Егер мен ресми түрде жалданып жұмыс істейтін болсам, алдыңғы айлар үшін міндетті зейнетақы жарналарын өз бетімше аудара аламын ба?
Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын салымшылар салымшы агентінің (жұмыс берушінің) аударуы арқылы төлейді. Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ЗТМО) аудару арқылы өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ) мына жеке тұлғалар ғана төлей алады:
- жеке кәсіпкерлер;
- жеке нотариустар;
- жеке сот орындаушылары;
- адвокаттар;
- кәсіби медиаторлар;
-азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;
- бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер.
Осылайша егер сіз жоғарыда аталған тұлғалар санатына жатпасаңыз, онда МЗЖ есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотын өз бетіңізше толықтыру мүмкін емес.
Садешова Галия,
Құлсары қаласындағы ҚКО бастығы
Атырау облыстық филиалы, "БЖЗҚ" АҚ