Жалақы «жыры»

Қазір қос қолға бір кәсіп көзін таба алмай жүрген жандар аз емес. Тапқанның өзінде кей жұмыс берушілер табан ақы маңдай теріңді бермей, әуре-сарсаңға салып қойса қайтерсің?! Таяуда аудандық сотқа бір жұмысшы жігіт арызданды. Ол жеке кәсіпкердің иелігіндегі «Шахман» маркалы жүк көлігін жүргізген еді.

Темір тұлпар Теңіз кенішіндегі іргелі мердігер компанияға жалға берілген болатын. Арадағы келісімге сәйкес жұмыс беруші жүргізушіге айына 260 мың теңге көлемінде жалақы төлеуі тиіс-ті. Соңғысы өз міндетін мінсіз орындап, алып кен орнында бақандай бір ай еселі еңбек етті. Бірақ кәсіпкер жұмысшысының айлығын беруге асықпады.

Арада зымырап бір ай емес, бірнеше айлар өтті. Телефон арқылы еңбекақысын сұрап шаршаған жігіт бір күні келіншегін ертіп, үйіне де барды. Сонда да «Мердігер мекеме ақшамды аударған жоқ» деген жауабынан танбады. Бірақ жүргізуші оның сылтауына күмәнмен қарады. Өйткені қай-қай мекеме болса да ТШО-ның тапсырысын орындайтыны хақ. Ал шетелдік компания біздегідей жайбасарлыққа салынбайды. Еңбегіңді еш, тұзыңды сор қылу дегенді білмейді. Сіңірген еңбегіңе ақысын аямайтыны анық.

 Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521