Жалғызбасты анаға үй сыйлады

Ол кісі 8 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана еді.

Рамазан айындағы ең басты қайырымдылық ол – жалғызбасты ананың баспанамен қамтылуы болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі пәтерге» атты акциясы аясында Атырау қаласындағы облыстық «Иманғали» мешітінің жанынан «Шаңырақ» қайырымдылық қоры құрылған еді.

Міне, осы қорға жиналған қаржы мен мәрт азаматтардың қолдауымен аймақтағы тұрғын-үйге мұқтаж бес отбасының екеуі баспаналы болды. Соның бірі – Құлсары қаласындағы Бақтыгүл Тағарованың жанұясына бұйырды. Ол кісі 8 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана еді.

Қаланың «СМП-615» учаскесінен үш бөлмелі пәтер бұйырып, бала-шағасымен бірге зор қуанышқа кенелді.

Пәтердің кілтін табыстауға «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының өзі келіп, ауданның бас имамы мен жамағатпен бірге көпбалалы ананы жаңа баспанасымен шын жүректен құттықтады.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521