Жалған ақпар таратқандар жазадан жалтара алмайды

Тұрғындар назарына! ⠀

Әлеуметтік желілердегі жалған мәліметтерге сенбеуге және оны таратпауға шақырады. ⠀

Жалған мәліметтерді ватсап, фейсбук, телеграм және басқа әлеуметтік желілерде жариялап "осы қаншалықты рас" деп сұрау салу арқылы жалған мәліметті таратқанмен бірдей жауапкершілікке алып келетінін мәлімдейді. ⠀

Шектеу енгізіліп бірқатар азық-түлік өнімдеріне қатысты емес мекемелердің қызметіне уақытша шектеулер енгізілсе де, Қазақстанда бірінші тұтынатын азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар, шаруа қожалықтар жұмыстарын тоқтатқан жоқ. ⠀

Қазіргі кезде шаруа қожалықтар еш кедергісіз өздерінің көктемгі егіс және т.б., қатысты жұмыстарын бастап кеткені мәлім. Шектеу жарияланғаннан бері, азық-түлік сату тоқтайды деген түрлі жалған ақпараттар жарияланса да өздеріңізге белгілі барлығы қалыпты режимде жұмыс жасап тұр. ⠀

Осы рас па? деп өзіңіз күмән келтірген жалған ақпаратты чаттарға тарату қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.

Жылыой ауданы әкімдігі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521