Жақсылық жасауға асыққан жандар

Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірім танытып, қолдау көрсетіп жүрген азаматтардың игі істері адамгершіліктің, қайырымдылықтың жарқын үлгісі екені сөзсіз. Осындай жанашыр жандардың қолдауының арқасында олар да өмірге деген құлшынысын жоғалтпайтыны анық. Жуырда редакциямызға «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Саламат Темірбеков келді. Оның айтуынша, соңғы жылдары ауданымыздағы көптеген жомарт жүректі азаматтар мен мекеме басшылары тарапынан қоғамдық бірлестікке үлкен демеушілік қолдау көрсетіліп келеді. Осыған орай ол сүйікті басылымы арқылы барша қайырымды жанға ризашылығын білдіргенді жөн санапты. - Өткен жылғы көктемде орын алған су тасқыны салдарынан қоғамдық бірлестіктің ғимараты жарамсыз бо- лып қалған еді. Сол кезде аудан әкімінің орынбасары Г.Айшуақованың тікелей қолдауымен жаңа ғимарат мәселесі шешіліп, бірлестік өз жұмысын жалғастыруда. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі аудан, қала басшылығымен тығыз байланы- ста жұмыс істеп келеді. Осы ретте аудан әкімі Жұмабек Қаражановқа, Құлсары қаласының әкімі Қадыржан Адиновке, аудандық «Amanat» парти- ясы аудандық филиалының төрағасы Сайлаубай Таласовқа, мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаевқа, сондай- ақ аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық мәдениет үйінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Мансап» орталығының басшылары- на, аудандық орталық мешіттің бас имамы Думан Балықшиевке қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын,- дейді ол. Сонымен қатар бірлестікке көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға «Новус Болашақ» компаниясы дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат жиынтықтары, музыкалық аппаратура мен орындықтар сыйласа, материалдық- техникалық жағынан қолдау көрсетіп жүрген мекеме «Сенімді Құрылыс» ком- пьютер үстелдерімен қамтамасыз етті. «Құлсары» құрылыс дүкені су желісіне қажетті жабдықтармен, «Айара» жиһаз дүкені орындықтармен, «Сәт» сауда үйі жарық шамдарымен көмектескен. «Ал- маз» азық-түлік дүкені, «Аружан» сауда үйінің иелері азық-түлікпен демеушілік жасаса, роликті перде (жалюзи) орнатып берген жеке кәсіп иесі «ИП Қуантай», кеңсенің үздіксіз жұмысы үшін жарық, жылу және су желісіне жәрдемдескен «Атырау Жарық» АҚ, «Жылыойгаз» ЖШС, «Жылыой су» мекемелерінің басшылары да сауапты іс жасапты. Мерекелік дастархан жайып, тұрақты түрде қуаныш сыйлап жүрген «Нұрасыл», «Ақтөре», «Дәмді», «Гранд Холл», «Аңсар», «Арай», «Алтын Сарай», «Инжир» мейрамханалары мен «Мармелад» балалар ойын-сауық орталығының басшылары да әрдайым демеушілік танытып келеді. – Осынша қамқорлықты көріп, жанымызда жомарт жандардың ба- рына шүкіршілік етемін, баршаңызға алғысымды білдіремін,-дейді «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандағы өкілі Саламат Темірбеков. А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT