Жайық пен Қиғаш өзендерін түп тереңдету жұмыстары жалғасады

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«2017 - 2020 жылдары Жайық, Қиғаш өзендерінің 152 шақырымында түп тереңдету жүргізілді. Биыл Қиғаштың 17 шақырымында осындай жұмыстар жасалады.

Алдағы жылдары 295 шақырым өзен түбін тереңдетуге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамаға жолданды» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Спикердің атап өтуінше, бұл жұмыстар экологияны жақсартумен қатар, балық қорын молайтуға мүмкіндік береді.​

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика