Жайыққа шомыламын деп суға кетіп қалды

Ол 10 маусым күні кешкі сағат 18:00-де велосипедпен кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен

2020 жылдың 11 маусымында 01:56 Атырау қаласы, Еркінқала-2 кентінде 2009 жылы туылған кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол 10 маусым күні сағат 18:00-де велосипедпен кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Сол күні таңертең кинологиялық есеппен Орал өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылды.

Сағат 8:10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп және 1 жүзу құралымен суға кеткен баланың денесі суға түсуге жабдықталмаған жерде судан шығарылды.

Атырау облысы ТЖД ескертеді!

Ата-аналар!

Ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

оларды үлкендердің қарауынсыз суға жібермеңіз.

Атырау облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521