Жайлы қонақүй «Құлсары» деп аталады

Құлсары қаласында жаңадан салынған сәнді, заманауи қонақүй жұмыс істей бастады.

Аудан халқын құрылыс материалдарымен қамтып отырған "Құлсары" сауда кешенінің иесі, жеке кәсіпкер Мұхамбет Ізтұрғанов осындай атпен нысан ашты. Қаламызға жан-жақтан келетін жолаушылар, меймандар аз емес. Теңіз кеніші іргесінде тұрған, алыс-жақын шетелдерден де ат арытып келгендер ағылып жататын шаһарға, алдымен, керегі -қонақүй. Кәсіпкер осыны ескерген болуы керек. Жаңа қонақүйге қонақтарын қабылдамас бұрын үлкен қарияларды шақырып, ақ батасын алды. Осы аптада қалада тағы бір кәсіпкер ірі кешенін ашады деп күтілуде.

С.ТӘЖІҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521