«Референдум–2026» онлайн-марафонында заңгер Нұрғазы Әнуарбеков Жаңа Конституцияның преамбуласына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, жаңа Ата Заңның преамбуласында еліміздің бейбіт жолды ұстанатыны нақты көрсетілген және бұл ұстаным халықаралық алаңда нақты іс-әрекетпен дәлелденіп келеді. Сондай-ақ Қазақстанның орта держава күші ретінде танылуы осы саясаттың нәтижесі екенін атап өтті.



