Жаңа Конституция жобасындағы ең маңызды жаңалықтардың бірі – енді ешкімді сот шешімінсіз үйінен шығара алмайды

Тұрғын үй – әр адамның қасиетті мекені. Сондықтан баспанаға қол сұқпау құқығы конституциялық деңгейде нақты бекітіліп отыр.

Мысалы, ескі үйлерді сүру кезінде жергілікті атқарушы органдар өтемақы ұсынады. Бірақ ұсыныспен келіспейтін азаматтар да болуы мүмкін. Осындай жағдайда жаңа норма үй иесінің құқығын қорғауды күшейтеді. Яғни соңғы сөз – заң мен сотта.

 Ата-анаға қамқорлық жасау – конституциялық міндет

Құжатта отбасы құндылықтарына да ерекше мән берілген. Енді кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау міндеті Конституцияда нақты көрсетіледі. Бұл – ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды қадам.

Тағы бір жаңалық – волонтерлік қызметтің конституциялық деңгейде бекітілуі. Еріктілік енді жай ғана игі іс емес, мемлекет мойындаған қоғамдық құндылық. Болашақта волонтерлердің цифрлық паспорты енгізілуі мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT