Жаңа Конституция – жауапты басқару мен әділ қоғамға негіз

Менің пікірімше, Жаңа Конституцияда заң мен тәртіпке ерекше көңіл бөлінуі – қоғам үшін өте маңызды қадам. Себебі кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен әділ әрі бәріне бірдей қолданылатын заңдарға байланысты.

Егер заң нақты жұмыс істеп, оның үстемдігі қамтамасыз етілсе, азаматтар да өз әрекетіне жауапкершілікпен қарай бастайды деп ойлаймын. Ойласам, бұрын заң бар болғанымен, оны орындау мен қолдану мәселесінде сенімсіздік байқалатын. Жаңа Конституция осы сенімсіздікті азайтып, заңның шынайы қорғаныс құралына айналуына жол ашады. Бұл қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты күшейтеді.
          Менің ойымша, заң үстемдігі тек жазалау арқылы емес, құқықтық мәдениетті арттыру арқылы қалыптасады. Конституциялық өзгерістер осы мәдениетті нығайтуға негіз болады деп санаймын.


                               Гүлзира Сүгірова, Құлсары қаласы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT