Жаңа кодекске қол қойылды

Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексіндегі салық есептілігі жөнінде түсінік береді:

Биыл 18 шілдеде жаңа Салық кодексіне қол қойылды. Жаңа Салық кодексіндегі ең негізгі өзгерістердің бірі: «Әлеуметтік салық», «Жеке табыс салығы» .

Әлеуметтік салық 6 пайыздық мөлшерлемені белгілей отырып, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысы алынып тасталды. Өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, қайта өңдеу жəне осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу қызметтерін жүзеге асыруға байланысты салық салу нысандары бойынша 1,8 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық есептеледі.

Әлеуметтік салық төлеушілер болып табылатын дара кəсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаларға əлеуметтік салықты:

- өздері үшін - төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде; 

- əрбір жұмыскер үшін төлем күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінде есептейді. Шаруа немесе фермер қожалықтары əлеуметтік салықты: - өздері үшін – АЕК-тің 0,6 еселенген мөлшерінде; 

- əрбір жұмыскер үшін - АЕК-тің 0,3 еселенген мөлшерінде есептейді. Жеке табыс салығы Мүліктік табыста: - мүліктің әрбір түрі бойынша жеке баптар қарастырылды;

 - бағалы қағаздарды сату кезінде теріс және оң өсімді сальдо жасалады;

-тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, тұрақ орындарын, қоймаларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін сату кезінде құн өсімінен түсетін табысты айқындау кезеңін 2 жылға дейін ұлғайтылды; 

- талап ету құқығын басқаға беруден кірісті анықтау осындай шарт жасалған күннен бастап талап ету құқығын басқаға берген күнге дейінгі кезең 3 жылдан кем мерзім етіп белгіленді. Сондай-ақ кірісті анықтауда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын алған күннен бастап, осындай құқығын басқаға берген күнге дейінгі кезең үш және одан аз жыл болып белгіленді. 

Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT