Жаңа кезеңдегі маңызды міндет

Жергiлiктi атқарушы органдар ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 Қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң реестрiне сәйкес мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi. Қызмет көрсету облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкiмдiктерi деңгейiнде жүзеге асырылады. 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша 39 790 қызмет көрсетілді. Оның ішінде, қағаз түрінде -26, баламалы түрде -933, Мемлекеттік корпорация арқылы берілген мемлекеттік қызметтердің саны 10405-ке жетсе, электрондық түрде 28426 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мұның ішінде барынша сұранысқа ие қызмет көрсетулер: «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» 9385 болса, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» 7969-ды құрады.

Аудан бойынша 2024 жылы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң көп бөлігі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi арқылы көрсетiлдi. Аудан көлемінде мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын жақсарту мақсатында 2024 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша iс-шаралар жоспарлары әзiрлендi және бекiтiлдi. Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №56 н/қ «2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардың сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелерге тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінен кешіктірудің екі дерегі тіркелді.

Нақтырақ айтқанда ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2024 жылы «Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн сақтау» және «Мемлекеттiк қызмет көрсетуге арыздану» өлшемдерiнің көрсеткiшiн жақсарту жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi. Жоспарға сәйкес келесi iс-шаралар өткiзiлдi: Өткен жылға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзудiң кестесiне сәйкес, жұмыс тобы ХҚКО-мен бiрлесіп, қала, кент және ауылдық округтерде түсiндiру жұмысын жүргiздi және консультативтiк көмек көрсеттi. Сол сияқты қала, кент және ауылдық округ әкiмi аппараттары мемлекеттiк қызмет көрсетудi жақсарту және ведомствоға бағынышты бөлiмшелердегi iшкi бақылау бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзедi. Тоқсан сайын аудан әкiмдiгiнiң отырыстарында аудан әкiмiнiң төрағалығымен және бiрiншi басшылардың қатысуымен мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы жөнiнде мәселе қаралады.

Аудан әкімі аппаратымен ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру және бірыңғай есепті сапасыз жүргізу фактісін анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингі жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен дайындалған «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» атты брошюралар қоғамдық көліктерге ілінді және 550 данасы халыққа таратылды. 2024 жылы аудандық «Кең Жылой», «Құлсары» газеттерінде 16 мақала және 12 хабарландыру жарық көріп, әлеуметтік желі арқылы 16 мақала, 73 хабарлама, 7 мақала интернет ресурсқа, 200 рет бейнероликтер жарияланды. Сонымен қатар, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) өз тарапынан аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан тұрғындарына әр көрсетiлетiн қызмет жөнiнде материалдар жариялап тұрады. Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша 2024 жыл ішінде арыз шағымдар түскен жоқ. Аудан аумағында ХҚКО-ның бір бөлiмi бар. Сол сияқты бiр ұтқыр топ ұйымдастырылып, олар шалғайда орналасқан бiр ауылдық округте қызмет көрсетедi.

Аудан аумағында «Ұтқыр ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшiн бір автокөлік жұмыс жасайды. «Ұтқыр ХҚКО» жұмысын жетiлдiру мақсатында аудан әкiмiнiң өкiмiмен аудан әкiмiнiң орынбасары жауапты болып тағайындалды. 2024 жылдың басында қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен «Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңкелер өткізу жөніндегі бірлескен іс-шара жоспары» бекітіліп, 12 мәрте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. Оған мемлекеттік қызметтерді көрсететін дербес бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандары және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға «электрондық цифрлық қолтаңба» және электронды нысанда мемлекеттік қызмет алудың ерекшеліктері туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

2024 жылғы 18 қыркүйекте «Жылыой ауданы бойынша электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсететін дербес бөлімдер, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының «Электрондық үкімет» веб-порталынан қызметтерді алу тәртібін түсіндіру және өз салаларына қатысты өтетін бейне конференцияларының іс-шара жоспары» бекітіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша кент, ауылдық округ әкімі аппараттары және дербес бөлімдер тұрғындармен онлайн форматта бейнеконференция арқылы 17 мәрте тікелей эфир өткізді. Онлайн кездесуде тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онда әлеуметтік желіде өткен тікелей эфирге қатысқандар өз сауалдарын қойып, сұрақтарына жауап алды. 2024 жылдың қыркүйек, желтоқсан айларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халыққа кеңес беру мақсатында аудан әкімдігімен «Ашық есік» күні өткізілді. Аудандағы мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар ғимаратында қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасалған. Олар ақпараттық стендтермен, күту орындарымен, пандустармен жабдықталған, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға да қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен ұсынылған тұрғындарды мемлекеттік қызметті алудың процедураларымен ақпараттандыру үшін жасалған инфографика қала, кент, ауылдық округтер әкімі аппараттары және дербес бөлімдердің ғимаратына ілінді. Ауданда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың ретін барынша ыңғайлы ету үшін Халыққа қызмет көрсету ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Олар қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының және аудандық әкімдік жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау орталығы» ғимаратында орналасқан. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау барысында жасалған бұрыштарда интернет желісі орнатылған және арнайы компьютерлік техникалармен қамтылған. Жергілікті атқарушы органдармен сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде портал арқылы алудың тәсілдерін үйрететін бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде (Facebook, Instargram, whatsapp) жарияланды.

«Цифрлық агент» мобильдік қосымшасы туралы бейнеролик мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерде, аудан әкімдігінің парақшаларында және кент, ауылдық округ әкімі аппаратының Facebook, Instargram әлеуметтік желілерінде 72 рет жарияланды. Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышын насихаттау үшін 72 рет түсіндірме жұмыстары, 72 рет «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда жүргізіліп жатқан сауалнамаға қатысу жөніндегі сілтеме әлеуметтік желіге жүктелді. 5 жиналыс, 5 «Дөңгелек үстел», 5 «Ашық есік күні» өткізіліп, 25 хабарландыру жарияланды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері туралы кент, ауылдық округ тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары әрі қарай жүргізілуде. 2024 жылы өткізілген 8 қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік көрсететін қызметтер бойынша қала, кент, ауылдық округтер және дербес бөлімдердің 7 мәрте мәліметтері тындалды.

Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті және ауылдық округерде өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 6145 қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық санды қолтаңбалар алғандар саны – 1577, электронды түрде көрсетілген қызметтер 4568-ге жетті. Газет беттерiнде e.gov.kz порталы арқылы қызмет түрлерiн алу мүмкiндiгi туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жариялануда. Мемлекеттiк органдардың жеке және заңды тұлғаларды қолжетiмдi және сапалы мемлекеттiк қызмет түрлерiмен, соның iшiнде электронды форматта одан әрi қамтамасыз ету мақсатында қала, кент және ауылдық округ әкiмдерiне, дербес бөлiмдерге:

1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерi бойынша есеп жүргiзу және статистикалық мәлiметтер жасақтау жөнiнде бөлiмдерге iшкi бақылауды ай сайын жүргiзу;

2. Қызмет көрсету мерзiмiн бұзған жауапты тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тартумен мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетудiң сапасын арттыру мәселесiн ай сайын аппарат мәжiлiстерiнде қарастыру;

3. Қала, кент және ауылдық округтерге, дербес бөлiмдер көрсететiн мемлекеттiк қызмет көрсетулердi бағалау шеңберiнде ұсынылатын есептi мәлiметтердi жинақтаудың, дәлдiгiнiң, толықтығының сапасы бойынша әдiстемелiк ұсынымдар жөнiндегi жұмысты жалғастыру;

4. Қала, кент және ауылдық округ әкiмдерi, дербес бөлiм басшыларына мемлекеттiк қызмет көрсету қызметi бойынша тұрғындардың сауаттылығын арттыру мақсатында түсiндiру жұмыстарын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына тоқсан сайын материал шығарылуын қамтамасыз ету ұсынылуда.

Алмат Теміржанов,

аудан әкімі аппаратының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT