Жаңа ережеде қандай өзгеріс бар?

Мемлекет бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар азаматтарға арнап жеке көмекші қызметін ұсынуда бірқатар өзгерістер енгізді. Бұл 2023 жылғы 30 маусымда қабылданған №288 «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа толықтыру ретінде қабылданды.

Жаңа тәртіп бойынша, енді мүгедектігі бар адам медициналық ұйымға, оңалту орталығына, санаторий-курорттық мекемеге стационарлық емделуге жатқызылса немесе мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі арнайы мекемеде болса, онда сол уақыт аралығында оған жеке көмекші қызметі көрсетілмейді. Бұл өзгеріс көмекші қызметтерінің нақты қажет уақытында көрсетілуін және қызмет көрсету жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейді. Яғни, егер адам толық күтім мен көмекті сол мекемеден алып жатса, қосымша жеке көмекші тағайындалмайды.

Дегенмен, мүгедектігі бар адам үйіне оралғаннан кейін жеке көмекшінің қызметі қайта жалғасады. Бұл – адамның өздігінен күнделікті тіршілікті жалғастыруына жағдай жасау үшін маңызды қолдау. Мемлекет тарапынан көрсетілетін бұл қызмет азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, қоғаммен араласуына және күнделікті тұрмыста тәуелсіз болуына бағытталған.

Ләззат Досжанова,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT