"Жақсылықтың" дәу қарбыздары

Салмағы 23-25 килограмм болатын дәу қарбыздарды көрдіңіз бе? Мұндай үлкен қарбыздар ауданымыздағы «Жақсылық» шаруа қожалығының алқабында өсірілуде.

Шаруашылық иесі - Марат Исағалиев деген азамат.

Биылғы жаз айларындағы күннің ыстығы, арасында бұлттанып, әрекідік жаңбыр жауатыны жылыойлық дихандарға аса қолайлы болды. Көктемде себілген дән мен төгілген тер зая кетпей, егіншілер мол өнімдерін сатып, пайда табуда. Тұтынушылар сұранысын да қанағаттандыруда. Жаз айының қолайлылығының бір дәлелі - әлгінде өзіміз жазған дәу қарбыздар. Оның біреуін қолына алып көтермек болған әлжуаздау бозбала тіптен көкөністі жерге түсіріп ала жаздады. «Салмағы өте ауыр екен»,- деп таңғала бас шайқайды ол. Кішкентай балалар көтере алмайтын қарбыздардың дәмділігі де тіл үйіреді. «Мұндай тәтті қарбызды жеп көрмеген болармыз, сірә!» деп тамсанады тұрғындар.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз