Жаңажылдық отшашу қызықты болғанымен, өте қауіпті

Мұндай қауіпті затты кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салынады.

-Желтоқсан айының 17-сінен бастап аудан көлемінде «Пиротехника» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды,-деп хабарлайды аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры Ж.Қуанғалиев.

-Шараның басты мақсаты - аудан көлемінде азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, әкелу, оны әкету қағидаларын бұзу деректерін анықтау болып табылады. Мұндай қауіпті затты кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салынады. Сондықтан мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында жасөспірімдерді отшашудан сақтандыру, ересектер мен балалардың жарақат алуына жол бермеу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте қоғамдық тәртіпті сақтау, өртке қарсы және жеке қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін заңсыз құқық бұзушылықты әшкерелеуге күш саламыз, - дейді аға инспектор.

Қазіргі таңда Құлсары қаласында және селолық округтерде орналасқан сауда- саттық орталықтарында, дүкендерде пиротехникалық бұйымдарды сату мен сақтау ережесін бұзу деректерін анықтау мақсатында бөлімнің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары мен өртке қарсы қызмет бөлімімен бірлескен жұмысшы тобын құрып, объектілерді тексеру жұмыстары жүріп жатыр.Олар сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың бейберекет саудасына тыйым салмақшы.

Бұл ретте рұқсат құжатынсыз сатып жүрген деректі анықтап, оның жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Әсіресе адамдар көп жиналатын орындарды (сауда ойын-сауық мекемелері, сауда және спорт объектілері, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдары, қонақүйлер, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, станциялар және т.б.) тексеруге ерекше назар аударылады.

-Аудан көлемінде заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 2, 3-бөлігімен, 483-бабының 1,2-бөлігімен, 196-бабымен және 415-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады,-дейді Ж.Қуанғалиев.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521