«Сенімді құрылыс» компаниясы 30 отбасына сый жасады

Әлеуметтік қызметкерлер ертегі кейіпкерлерін сомдап, балалармен би билеп, ойындар ұйымдастырды.

 Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Оған ауданымыздағы тыл еңбеккерлері, жалғызбасты қарттар мен көп балалы отбасылар және жалғызбасты аналар қатысты.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров пен шараға демушілік жасап отырған "Сенімді құрылыс" компаниясының өкілі Өмір Кесим баршаны мерекемен құттықтады. Осыдан кейін олар шараға қатысушыларға «Лидер» сауда үйінен қажетті азық-түлігін сатып алуы үшін 15 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Бөлім басшысы Нұржарық Сауытов қолдау көрсетіп отырған компанияға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Нұржарық Сағиұлы бөлімге аяқтай келе алмайтын тыл еңбеккерлерінің үйінде болып, сертификаттарын беріп, мерекелерімен құттықтады.

Қарттар мереке қарсаңында үлкендерге көңіл бөліп, сый жасап жатқан азаматтарға алғыс айтып, ақ баталарын берді. Қайырымдылық шарада барлығы 30 отбасына сертификат табыс етілді.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521