Жаңашылдық пен жарқын болашақтың бастауы

Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы халықтың дауыс беруімен жоғары деңгейде өтті.
Сайлау барысында мен еліміздің болашағын айқындау мақсатындағы отандастарымыздың белсенділігіне қызыға қарап, разы болдым. Аудандағы дауыс беру учаскелеріне өз таңдауын жасауға келген сайлаушылардың  қарасы  қалың болды.
Сайлаушылардың келіп, дауыс беруі туралы ойлау — бұл биліктің міндеті емес, азаматтық қоғамның міндеті. Өйткені, өз кандидатына дауыс бере отырып, сайлаушы келешек ұрпақ үшін жаңашылдық әкеледі, болашақты айқындайды.
Мен қашан да еліміздің болашағының жарқын болатынына, келешегінің кемел болатынына нық сеніммен қарайтынмын. Басқа үміткерлерден оқ бойы оза шауып, ең көп дауыс жинаған ел Президенті сол сенімді ақтайды деген үмітімді жоғалтпақ емеспін.

 

Қонаш Қалдыоразов
Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі,
Жылыой ауданының Құрметті Азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521