Құлсары қаласының жаңа әкімі

Құлсары қаласы әкімі болып Қаржау Шарғабаев тағайындалды.

Қала әкімшілігінде өткен жиналыста аудан әкімі Азамат Бекет аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Құлсары қаласы моноқалалар тізіміне енген, экономикасы мен құрылысы қарқын алған еліміздегі қалалардың бірі екенін айтқан аудан әкімі қала әкіміне жаңа жұмысында жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Аудан әкімі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін мәселелерге назар аударып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуді, қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыруды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды, қалаға жаңадан қосылған ықшамаудандардың инфраструктурасын дамыту және таға да басқа қаладағы әлеуметтік мәселелерді атқаруды тапсырды. Шарғабаев Қаржау Сағынбайұлы 1981 жылы 14 қараша күні Жылыой ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Еңбек жолын 2004 жылы "Ғимарат " ЖШС-ында инженер болып бастаған. 2016-2017 жылдары Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, 2017-2018 жылдары Жаңа Қаратон кенті әкімі лауазымын атқарып келген.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521