Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық өнімдерді бақылаусыз өткізу және оны қажетті өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамай қолдану салдарынан өрттердің, адамдардың жарақаттануының және өлімінің себептеріне айналуының алдын алу мақсатында, Жылыой ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен түрде рейд жүргізді.
Рейд барысында лицензиясы жоқ, талапқа сай келмеген жағдайда сауда нүктелерінің иелеріне айыппұл салынып, тауар тәркіленетіні ескертілді. Сондай-ақ пиротехникалық заттардың қайсысы қауіпсіз және оны қалай дұрыс қолдану ережелері айтылып, жаднамалар таратылды.
Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі