Жаңа жобалар сотқа деген сенімді нығайтады

Өткен аптада аудандық сот жыл қорытындысын жариялады. Расында да, былтырғы 12 ай сот саласы үшін бірқатар жаңалықтарға толы жыл болды. «Смарт сот», «Түнгі сот», «Келісу процедурасы» секілді жаңа жобалар іске қосылып, соттың ашықтығы мен қарапайым халыққа қолжетімділігін арттыру мақсатында біраз жұмыстар атқарылды.

Міне, осындай тың бастамалар аудандық сотта қалай жүзеге асып жатыр? Осы және басқа да мәселелер жөнінде біз аудандық соттың төрағасы Болатбек Жұмабаевқа жолығып, бірнеше сауал қойған едік.

- Болатбек Бақтығалиұлы, қазір судьялардың өзі бас болып дауласқанды татуластыруға, ажырасқанды қайта қауыштыруға жұмыстанып жүргенін көріп жүрміз. Соның сыры неде?

- Жұрттың аузынан қит етсе «Сотқа берем!», «Моральдық, материалдық зиян өндіріп алам!» деген сөзді жиі естиміз. Сол үшін кей азаматтар табақтай қылып арыз жазып, «миллиондарды» талап етіп, сотқа қарай жүгіреді. Шындығында сот заң арқылы біреуден өш алатын орган ба? Жоқ! Олай деп ойлаған адам қатты қателеседі. Соттың міндеті - кінәліні жазалап, жауапкерді жығып беріп, отқа май құю емес, керісінше, араздасқан жандарды бітімгершілікке шақырып, екі жаққа да тиімді шешім қабылдау. Сондықтан да сот ғимаратының ішінде көптен бері медиация кабинеті ашылып, өткен жылдың қыркүйегінен «Келісу процедурасы», «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты жаңа жобалар жұмыс жасап келеді. Мұндайда медиаторлық қызметті судьялар да ешкіммен санаспай атқара береді. Бір сөзбен айтқанда баяғының билеріндей жұртты татулыққа шақыру арқылы елдің бірлігін сақтауға тырысып отырмыз.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521