Жаңа өзгерістер жаңаруға бастайды

Сайлауға еліміздегі әртүрлі партиялар өз атынан үміткерлер ұсынуда.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған үндеуінде Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Енді, келер жылдың 10 қаңтарында өтетін ел болашағын айқындайтын саяси науқанға барша қазақстандықтар болып атсалысуымыз керек. Сайлауға еліміздегі әртүрлі партиялар өз атынан үміткерлер ұсынуда. Оның ішінде жастармен қатар, әйел адамдар да бар.

Қазіргі үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатырған қызу шақта, кандидаттардың атқарып жатқан іс-шараларын бақылап келеміз. Қай-қай партия өкілдері де өзінің мықтылығын көрсетіп жатыр. Әр партияның өзінің ұстанымы,көздеген мақсаты және бесжылдық сайлауалды бағдарламасы жасақталған. Ел дамуы жолында көптеген игілікті істер басталады деп күтілуде. Бөліп-жаратын ештеңесі жоқ.

Бұл жерде ең маңызды мәселе әр партияның сайлаудан кейін халық игілігі үшін атқаратын істерінде жатыр. Сондықтан өз басым алда өтетін сайлаудан тек ашықтық пен әділдік күтемін. Тағы бір айта кететін жайт, мен өзім әлуеметтік сала маманы болған соң мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың мәселесі назардан тыс қалмаса деймін. Сайлаудағы өзгерістер арқылы қоғамның кем-кетік тұстарын бүкпесіз ақтарып, жетіспеушіліктер мен шикіліктердің орнын толтыруға мол мүмкіндік туындайды деп сенемін.

Ләззат Досжанова,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT