Жаңа типте қоқыс жәшіктері қойылды

Құлсары қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылығы тереңдетілген жәшіктер орнатылды. Бұл контейнерлердің ерекшелігі кәдімгі 3 қоқыс жәшігін алмастырады. Қоқыстың тең жартысы жер астында жатқандықтан ауладағы алаңның көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мұндай контейнерлер бактерияның таралуы мен күн ысыған кезде жағымсыз иістің шығуын азайтады.

-Қазіргі кезде қалада 49 жерге барлығы 81 дана жерасты контейнері қойылды. Олар бұрынғы қоқыс жинау алаңдарында орналасқан. Жерасты контейнерлеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс тасымалдайтын компаниясы жүзеге асырады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тереңнен жинау үшін конкурстан өткен компания арнайы манипулятор көлігін алады. Ол күн сайын жаңа контейнерлердегі қоқыстарды шығаратын болады,-дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мереке Зейнуллин.

Қ.Нұртайұлы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика