Жаңа отбасылық мейрамхана (+фото)

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Құлсары қаласынан алғаш рет жаңа отбасылық мейрамхана ашылды.

Оған мұрындық болған - жеке кәсіпкер Жасұлан Жанақбаев. Қос қабатты заманауи талаппен жабдықталған мейрамхананың ішінде меймандар үшін барлық жайлы жағдай жасалған. Ең бастысы, бұл - халал демалыс орны.

a

Мұнда отбасымен жиналып келген жылыойлық жанұяларды неше түрлі дәмді тағамдар күтіп тұр. Балалар үшін де, олардың ата-анасы мен ата-әжесі, басқа да туыстары үшін де қажетті ас мәзірі әрдайым әзір. Өз қазағымыздың жерік асы - ет, қазы-қарта мен ағарғаны, европалық, өзге де ұлттық үлгідегі тағамдар көздің жауын алады.

a

a

a

Кәнігі аспазшылар мейрамхана табалдырығын аттаған әрбір қонақтың бабын табуға тырысады. Олардың дайындаған дәмді асымен ауқаттана отырып, ата-ана балаларын қысылмай ойнатып жіберуіне болады. Өйткені онда шағын ойын алаңдары да бар. Ас мәзірінің бағасы да қолжетімді, «Ассортилерден» айырмашылығы жоқ. Екінші қабатында екі вип-кабина бар. Балғын өнерпаздар үшін жанды дауыста ән шырқайтын шағын сахна қойылған. Қай-қай залға, бөлмеге кірсең де - ерекше дизайн заманауи талапқа сай көркімен көз тартып тұр.

a

-Бұл қос қабатты ғимаратты кафе-бар немесе түнгі клубқа айналдырып жіберуге де болар еді. Бірақ одан халыққа келіп-кетер пайда жоқ. Ішімдік ішіліп, соның кесірінен шаңырақтың шырқы бұзылады. Ал қазір ажырасу көбейіп барады. Сондықтан мен ерлі-зайыптыларды жын-ойнақпен ажыратушы емес, керісінше, жылыойлық жанұяларды жарастырушы жанның қатарынан болғым келді. Сол себепті жерлестерімнің және қала қонақтарының бала-шағасымен аңсары ауып, келуге асығып тұратын бірден-бір демалыс орны болсын деген ниетпен өз ұлымның есімін еншілетіп, «Аңсар» атты отбасылық мейрамхана ашуды ұйғардым,-дейді Жасұлан Балағұлұлы.

Қазақта «Балалы үй – базар» деген бар. Ендеше, әр жанұяны жарасымдылық пен татулыққа шақырған «Аңсардың» іші базарлы болсын демекпіз.

Ербол Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521