Жаңа басшыларға тәлімгерлер тағайындалды

​Статистикалық ақпараттарға сәйкес, І жартыжылдықта 145 бос лауазымға конкурс өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен құрылған Тәлімгерлер кеңесінің кезекті жиыны өтті. Жиында жаңадан тағайындалған басшыларға мемлекеттік қызметтің ардагерлері, кәсіби дағдыларымен тәжірибе алмасу, өзара байланысты нығайту мақсатында Тәлімгерлер Кеңесінің мүшелігінен тәлімгер бекітілді.

Жаңа басшыларға Тәлімгерлер Кеңесі ақ жол тілеп, ақ батасын берді. Нақтырақ айтсақ, Тәлімгер Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Абдуахит Әбішев - тәлімгері Губашев Клим Бахтығұлұлы; Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев - тәлімгері Қайненов Қилымғали Қайненұлы; Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов - тәлімгері Өтешов Мұрат Сақтайұлы болып таныстырылды.

Сондай-ақ, Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасымен дайындалған Атырау облысы әкімдігінің «Персоналды басқару» бағыты бойынша қызмет тиімділігіне жүргізілген бағалау қорытындысы тыңдалды. Бағалаудың бұл кезеңінде мемлекеттік органның кадр әлеуеті, меритократия және ұйымдастырушылық мәдениет өлшемдері зерделенген.

Айта кетейік, облыстық әкімдік пен басқармаларда әйел мемлекеттік қызметшілерінің жалпы саны 265 бірлікті құрайды, оның ішінде 86 бірлік немесе 32,4% басшылық лауазымдарын атқарады. Бұл жоғары бағаланатын көрсеткіш. ​Статистикалық ақпараттарға сәйкес, І жартыжылдықта 145 бос лауазымға конкурс өткізіліп, кандидатураларды іріктеу рәсімдері 100% тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен және техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен өткізілген. ​Өз кезегінде, конкурстардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент өкілдері «онлайн байқаушы» ретінде барлық конкурстарға үнемі қатысуда.

"Мансаптық өсу" көрсеткіші бойынша І жартыжылдықта Әкімдікте басқа мемлекеттік органдардан келген қызметшілерді ескере отырып, 18 мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымға тағайындалды, олардың ішінде 11 бірлік (61,1%) осы мемлекеттік орган ішінде мансабы бойынша көтерілді. ​Бұл кадрларды жылжыту кезінде меритократия қағидатының іске асырылуын көрсетеді.

Сонымен қатар, Тәлімгерлер кеңесінде мемлекеттік қызметшілерді тек жұмыспен шектемей, серпіліс жасап, жан-жақта дамуына бағдар беру, қоғамдағы өзгерістерден шет қалмай қызметін біліммен, спортпен, тәрбие, мәдениетпен ұштастыру бағытындағы Департамент ұсынған «Мемлекеттік қызметшінің жеті қазынасы» жобасы тыңдалды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521