Жаңа Қаратон – заманауи кент

Өткен жұмада Жылыой ауданының 90 жылдық мерейтойына орай Жаңа Қаратон кенті көркемөнерпаздарының «Ауылым-әнім» атты мәдени фестивалі өтті.

Кент әкімі Қаржау Шарғабаев: «2000 жылғы 11 наурыздағы облыс әкімінің шешіміне сәйкес Жаңа Қаратон поселкесі құрылды. 1992 жылы Жаңа Қаратон поселкесінің алғашқы тасы қаланды. 1993-1995 жылдары екі қатарлы 63 коттедж үйлер пайдалануға берілді.1999-2000 жылдары «Қазақойл-Ембі» АҚ қаражатына 622 үй салынып, Қаратон елді мекенінің бүкіл тұрғындары көшірілді. 2002 жылы «Қазақойл-Ембі» АҚ бөлінген қаражатқа 90 үй құрылысын салып, бұл үйлерге Сарықамыс поселкесінің тұрғындары көшірілді. 2006 жылы «Теңізшевройл» ЖШС-нен бөлінген қаражатқа поселкеге Сарқамыс және Кеңарал елді мекенінің 321 отбасы көшіп келіп, күні бүгінге кентімізде 7328 тұрғын, 1190 отбасы бар», - деп кенттің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндап өтті.

Концерттік бағдарлама «Керім-Ай» тобының «Қос алқа» биімен ашылды. «Балдырған» ясли бақшасының тәрбиешілер ансамблі «Жаса, жаса, Кең Жылыойым!», Альбина Болатова «Атамекен», Жұма Жайна «Астана» әндерін шырқап, қала көгіне ән қалықтатты. Данияр Сәуірбай мен Өтекеш Сағындық «Әлқисса» күйін орындап, қоңыр кешті күмбірге бөледі. №4 балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушыларының орындауында каратэ тәсілдерінен көрініс көрсетілді.

Бұдан соң Ақкенже Қарағұлова «Ауылым-әнім», «Балдырған» ясли бақшасының тәрбиешілер ансамблі «Қаратон –тал бесігім» әндерін орындап, тыңдарманның көзайымы болды.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521